Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегін қайдан көруге болады?

25 Мамыр 2018, 15:19
0

6 маусымда Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. "Хабар" телеарнасы бұл кездесуді 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 01.55-те тікелей эфирден көрсетеді.

Қазіргі таңда Данияр Елеусінов Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов те қосылады.

Қазақстандық боксшы кездесуін жартылай ауыр салмақтағы WBA Continental және ұлыбританиялық серіктестіктің чемпионы белбеуіне таласатын Лоуренс Околи мен Люк Уоткин арасындағы жекпе-жектің алдында өткізеді.

Осыған дейін Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің барлық билеті сатылып кеткені айтылған болатын. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер түгелдей сатылып кеткен, алайда қанша билет екені нақтыланбаған. York Hall орталығы 12 000 көрерменге арналған. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай