09 маусым 2019 | 09:51

Дайынмын, "Канелоға" айтып барыңдар - Головкин Роллсты жеңгеннен кейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңгеннен кейін жекпе-жек жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңгеннен кейін жекпе-жек жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Қарсыласыма рақмет, өзін жақсы көрсетті. Қолынан не келетінін көрсетсін деп, бірнеше раунд жұмыс істеуіне мүмкіндік бердім. Мен оны зерттедім де, бапкеріме оны ұстап алатынымды айттым. Оның соққылары жойқын болмады. Оларды сезбедім дей аламын. Өз нокауттарыма оралдым. Өзімді тинейджер сезінемін. DAZN-мен үлкен келісімшарт, көрермендер мен фанаттардың зор қолдауы. Бұл менің оларға сыйлығым және алғысым. 

Енді кіммен жұдырықтасқым келеді? Бәрі біледі. "Канеломен" кездесуді қалаймын. Қыркүйекке дайынмын. Дайынмын, "Канелоға" жеткізіңіздер. Бұл үлкен бизнес екенін бәрі түсінеді. Екі жекпе-жектен соң зор тәжірибе жинадым. Қорытынды жасадым. Үшінші жекпе-жек басқаша өтеді. "Канелоны" жеңу ме әлде белбеулерді қайтару ма? Бұл маңызды емес. Оны жеңгім келеді, белбеу маңызды емес", - деді Головкин. 

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен. Головкин қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі.

Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети