29 сәуір 2017 10:53

Де Ла Хойя Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Промоутер Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы бокстың жоғары позицияларға қайта оралатынын мәлімдеді. Бұған дәлел ретінде Golden Boy компаниясының иесі екі жекпе-жекті мысалға келтірді. Олардың бірі - ауыр салмақта жұдырықтасатын украиналық Владимир Кличко мен ұлыбританиялық Энтони Джошуаның жекпе-жегі болса, екіншісі - мексикалықтар Сауль "Канело" Альварес пен Хулио Сезар Чавестің кездесуі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен қатар, "Канелоның" мүддесін қорғайтын Де Ла Хойя оның қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты. Промоутердің айтуынша, Головкиннің маусымдағы жекпе-жектен бас тартуы қыркүйектегі жекпе-жекке алғышарт болып отыр.

"Иә, бұл шын мәнінде пайдасыз емес, қарап көреміз. 2017 жыл бокстағы үздік жыл болуы мүмкін. "Канело" - Чавес және Кличко - Джошуа жекпе-жектері нақты болады, ал бұған қоса "Канело" мен GGG қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін", - деді Де Ла Хойя BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, осыған дейін Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшының рингке қыркүйекте Альварес - Чавес жеңімпазымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети