22 наурыз 2017 10:29

Джейкобс Головкиннен жеңілуінің себебі деп "Канелоны" атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жектің қорытындысы жайлы пікір айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жектің қорытындысы жайлы пікір айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Джейкобс GGG күшін миф деп атап, жеңіске жеттім дейді. 

"Мен даукес боксшыларды ұнатпаймын, бірақ жекпе-жекті үш-төрт рет көргеннен кейін жеңіске жеткеніме және әділетсіздіктің құрбаны болғаныма сенемін. Жақтасты деп айтпаймын, бірақ Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегіне қандай ақша тігілетінін барлығы да біледі. Көпшілік осы жекпе-жекті күтіп отыр, бұл біздің жекпе-жекке әсерін тигізді. Мен соңына дейін барып, шегінуге мәжбүр қылдым. Мен жеңілмедім. Иә, мен орта салмақта әлемнің үздігі екеніме сенемін. Реванш болғанын қалаймын. Бірақ GGG бұған келісе ме, жоқ па, білмеймін. GGG - тамаша боксшы, бірақ рингте ол үрейлі болады деп күттім, бірақ ондай болмай шықты", - деп кеп мәлімдеді Джейкобс TMZ.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Джейкобс осыған дейін де жеңілмедім деп есептейтінін мәлімдеген еді. "Мен жекпе-жекті жеңдім және жанкүйерлер менімен келіседі деп ойлаймын. Мен кем дегенде екі раундта жеңдім. Мен қазылар алқасының шешімімен жеңілдім және осы шығарған шешімдерімен келісуім керек. Бірақ осы жекпе-жектен кейін екеуміз де (Головкинді айтады - Авт.) көп жанкүйер жинап алдық", - деп мәлімдеді Джейкобс жекпе-жектен кейін.

Ал Головкиннің өзі кездесу аяқталған соң Джейкобсты мақтады және осы жолы 12 раундтық жекпе-жек қажет болғанын айтты. "Джейкобсты жоқ қыла алмадым, бірақ мен кісі өлтіруші емеспін. Оған респект", - деген еді Головкин.

Еске салайық, жексенбіде, 19 наурызда Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген болатын. Осылайша боксшы 37-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Қазақстандықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңісімен құттықтаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети