15 тамыз 2016 08:38

Флойд Мейвезер Ниязымбетовтың келесі қарсыласын мақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Әділбек Ниязымбетовтың Рио олимпиадасындағы жартылай финалдағы қарсыласы ағылшын боксшысы Джошуа Буатси америкалық Флойд Мейвезерден мақтау естіді. Бұл туралы BoxingScene.com жазады.


Әділбек Ниязымбетовтың Рио олимпиадасындағы жартылай финалдағы қарсыласы ағылшын боксшысы Джошуа Буатси америкалық Флойд Мейвезерден мақтау естіді. Бұл туралы BoxingScene.com жазады.

Мейвезер Рио-де-Жанейроға өзінің Mayweather Promotions промоутерлік компаниясына жаңа боксшыларды тарту мақсатында келіпті. Буатсидің айтуынша, атақты боксшы оның әлем чемпионы болатынын айтыпты.

"Ол мұнда келмей тұрғанымда-ақ мен туралы естігенін, менің тамаша боксшы екенімді және әлем чемпионы болатынымды айтты. Мұндай сөздерді Мейвезер сияқтылардан есту керемет, мен оны біздің заманымыздағы ұлы боксшылардың бірі деп есептеймін. Мен бұл Олимпиадада қола емес, алтын алғым келеді, қолымнан келгенін істеймін", - деді Буатси.

Ниязымбетов - Буатси жекпе-жегі 17 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 03:30-да басталады. Ширек финалда 81 келіге дейінгі категориядағы Ниязымбетов қазақтан туған әзірбайжандық Теймур Мамедовты 3:0 (30-27, 30-27, 30-27) есебімен жеңген еді. 

Айта кетейік, осыған дейін америкалық бокстың жұлдызы Флойд Мейвезер қазақстандық Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін келіп көріпті. Ол Елеусіновтің жеңісіне қол шапалақтаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети