12 наурыз 2020 09:31

Флойд Мейвезердің бұрынғы әйелі үйінде өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TMZ Sports © TMZ Sports

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі өлі табылды, - деп хабарлайды TMZ Sports


Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің азаматтық некедегі бұрынғы әйелі өлі табылды, - деп хабарлайды TMZ Sports

40 жастағы Джози Харристің мәйітін Валенсиядағы (Калифорния штаты) үйінің маңындағы көліктің ішінен тапқан.  

Басылым мәліметінше, әйел адамның денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған. 

© TMZ Sports

Джози Харрис пен Флойд Мейвезер 1995-2010 жылдары кездескен. Екеуінің Кораун, Зайон және Джира есімді баласы бар. Үлкені 15-те. 

2010 жылы боксшы тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті үшін екі ай түрмеде отырған: ол әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан.

Артынша Флойд Джози есірткі қолданады деп айыптаған. Боксшының әйелі жауап ретінде күйеуін сотқа беріп, жала жапқаны үшін 20 миллион доллар талап еткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети