Геннадий Головкин АҚШ-қа көшпейді - Әбдібеков

24 Қазан 2014, 13:16
0
Геннадий Головкин АҚШ-қа көшпейді - Әбдібеков - Геннадий Головкин. ©REUTERS
Геннадий Головкин. ©REUTERS

Геннадий Головкин АҚШ-қа қоныс аударуды жоспарлап отырған жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы журналистерге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков айтты.

Ол боксшының АҚШ-кетпейтініне сенім білдірді. "Геннадий Головкиннің АҚШ-қа көшіп кету туралы ойы жоқ. Иә, ол сұхбатында солай айтқан еді. Оған "сіз неге Ресейдің намысын қорғамайсыз?" деген сұрақ қойылды. Ол "Мен Қазақстанда тудым. Қазақстанда менің ата-анам тұрады", - деп жауап берді", - деді әкім. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.  

Еске сала кетейік, мұндай ақпарат Sportbox порталында жарияланған еді. WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC ауыспалы белбеуінің иегері Геннадий Головкин өз сұхбатында таңдаулы боксшылармен жұдырықтасу жоспарлары мен ағылшын тілін меңгеруі туралы әңгімеледі. Сұхбат барысында "Сіздің Америкаға көшетініңіз туралы ақпарат пайда болды. Ол шындыққа сәйкес келе ме?" деген сұрақ қойылды. Ол: "Әзірше көше қойған жоқпын, бұл менің жоспарларымда ғана", - деп жауап берді. 

Геннадий Головкин әлемнің жеңіліп көрмеген боксшыларының бестігіне енеді. Мұндай рейтингті Bleacher Report спорт порталы жасады. Оның талантына тәнті болған кәсіби бокстың аты аңызға айналған өкілі Рой кіші Джонс Қазақстанға келуді ұйғарды. Америка боксшысы Головкиннің отаны - Қарағандыға осы жылдың желтоқсан айында келеді, ол Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXI турнирге қонақ болады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай