18 мамыр 2016 09:51

Геннадий Головкин Альваресті қаша бермей, жұдырықтасуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com/ggolovkin © Vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альваресті қаша бермей, жекпе-жек туралы сөйлесуге шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ешқандай келісім болған жоқ. Үнемі қашып жүреді. Қаша беруді қойыңдар", - деді Головкин твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін Головкин мен Альварестің кездесу жөнінде келісімге келіп жатқаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, тараптардың 24 мамырға дейін келісімге келуге уақыты бар екені белгілі. Олай болмаған жағдайда, промоутерлік сауда тағайындалады.

Дегенмен америкалық әйгілі журналист Крис Манникс тараптардың әлі күнге дейін бір рет те кездеспегенін айтып отыр. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер жекпе-жектің аралық салмақ дәрежесінде болмайтынын нақты айтты. "Альварес бұған дейін бір рет аралық салмақта жұдырықтасты. Енді ол Головкинмен кездесуі тиіс", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети