22 маусым 2015 07:10

Геннадий Головкин келесі қарсыласын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин Twitter желісінде келесі жекпе-жегін 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен өткізгісі келетінін мәлімдеді.


Кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин Twitter желісінде келесі жекпе-жегін 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен өткізгісі келетінін мәлімдеді.

21 маусымда канадалық қазылар алқасының шешімімен француз Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңіп, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық титулды қанжығасына байлаған еді.

Қазақстандық боксшы өз парақшасы арқылы Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойенің жекпе-жек туралы ұсынысын қабылдады. "Головкин - Лемье жекпе-жегі - бұл кездесуді қазір ұйымдастырайық! "Болашақта" немесе "кейін" емес, қазір", - деп жазды 33 жастағы қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында канадалық боксшымен біріктірілген кездесу ұйымдастырып беруге тырысатынын мәлімдеді. "Лемье - өте күшті панчер, ол Н'Жикамды бірнеше рет жықты, оны IBF титулын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Головкин және Лемье біріктірілген кездесуін ұйымдастыра керемет болар еді", - деп жазды Леффлер. - Меніңше, мұндай жекпе-жек шындыққа жанасады. Бұл орта салмақтағы екі үздік нокаутер кездесетін керемет жекпе-жек болады".

Еске салайық, бүгінге дейін Геннадий Головкин 33 рет жеңіске жетіп, бір де бір рет жеңіліс тапқан жоқ. Өзінің соңғы жекпе-жегін Головкин 17 мамырда өткізді. Ол рингке биылғы қыркүйекте оралғысы келіп отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети