24 маусым 2015 11:42

Геннадий Головкин кездесуден жалтарды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гэри Шоу. © boxnews.com.ua Гэри Шоу. © boxnews.com.ua

Геннадий Головкин кездесуден жалтарды деп айыпталды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап. Мұндай айыпты WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Головкинге Туреано Джонсонның промоуметрі тағып отыр.


Геннадий Головкин кездесуден жалтарды деп айыпталды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап. Мұндай айыпты WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Головкинге Туреано Джонсонның промоуметрі тағып отыр.

Белгілі промоутер Гэри Шоудың айтуынша, Геннадий Головкин оның боксшысы Туреано Джонсонмен жұдырықтасудан қашып жүр. Ол Джонсон мен Головкиннің кездесуін ұйымдастырамын деп жоспарлаған екен, алайда Головкиннің 42 жастағы Оскар Де Ла Хойемен кездесуді жоспарлағанын естіп, қатты таңғалыпты.

"Мен Туреаномен кімнің болса да жұдырықтасқанын қаладым. Мен оның Головкинмен немесе Showtime тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джейкобспен кездескенін қаладым, әйтеуір орта салмақтағы кез келген қарсыласпен. Мен Головкиннің Джонсоннан неліктен қашқақтайтынын білмеймін, алайда өзі кез келген боксшымен кездесуге дайынмын дейді де, Де Ла Хойемен кездесетінін айтады. Бұл кездесу үшін олар бірден "жедел жәрдем" емес катафалк шақыра алады. Мен мұны түсінбеймін, егер сен мықты боксшы болсаң, өзіңе лайықты қарсылас ізде", - деді Шоу.

Оның айтуынша, Головкинмен 16 мамырда кездесу туралы келісімшарт болған, бірақ қазақстандық дәл сол күні кіші Вилли Монромен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Головкин мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

"Бізде келісімшарт болды десем де болады, біз барлық шартты орындадық, барлығын орындасақ та олар соңында бас тартты. Олар сол қолмен жұдырықтасатын боксшымен кездесуді қалаймыз деп мәлімдеді, бірақ өткен жекпе-жекке қарап мұны дұрыс шешім болды деп айту өте қиын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын таңдағаны туралы хабарлаған едік. Кәсіби рингте бір де бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин Twitter желісінде келесі жекпе-жегін 26 жастағы канадалық Давид Лемьемен өткізгісі келетінін мәлімдеді. Ал кеше Қазақстандық 33 жастағы боксшы Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы 42 жастағы Оскар Де Ла Хойямен кездесуге дайын екенін мәлім етті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети