16 қыркүйек 2017 16:08

Геннадий Головкинді қолдау үшін әлемнің әртүрлі елінен келген жанкүйерлер Лас-Вегаста жиналып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығатын орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) қолдау үшін әлемнің әртүрлі елінен келген жанкүйерлер Лас-Вегаста жиналып жатыр.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығатын орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) қолдау үшін әлемнің әртүрлі елінен келген жанкүйерлер Лас-Вегаста жиналып жатыр.

Vesti.kz тілшісі шалғай жерде тұратынына қарамастан келген жанкүйерлермен әңгімелесті. 

Салмақ өлшеу рәсімінде мына жұп өте танымал болды. Қыз - қазақстандық тумен, ал жігіт - мексикалық тумен. Ақерке Ақтау тумасы, ал Гектор - Сан-Диего қаласынан келді. Әркім өз отандасы үшін жақтасады. 

"Басында кімнің жеңіске жететіні туралы ұрысатынбыз. Кейін ол үшін қырылысуды тоқтатайық деп шештік. Бұл халықтар достастығы, сол себепті де бірге болуымыз керек деп айттым. GGG -мен сені жақсы көремін және сенің жеңетініңе сенемін. Sorry, mi amor (жігітіне қарап)", - деді қыз.

Бұл филиппинен келген Крис Сансоуз. Ол Головкиннің жекпе-жегіне бірінші рет келіп отыр: 

"Неге GGG? Маған оның жойқын күші, оның шабуылдағаны ұнайды. Ол қорғаныста да мықты, оның соққысы өте қауіпті! Меніңше, ол "Канелодан" мықты". 

Роберт Брэнли есімді мына жігіт Лас-Вегасқа Лондоннан келіпті. Ол өз елінде қанша бокс жұлдызы болса да Головкинге жетер ешкім жоқ дейді. 

 
Мына қыздар - АҚШ-тың Аризона штатынан келген. Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне келіп, Головкин - "Канело" кездесуіне дейін қалған. Олар қазақстандық боксшының P4P рейтингінде бірінші боларына сенеді. 


© Турар Казангапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети