GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өтті © Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы трилогия алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz 

Екінші орташа салмақтың шегі - 168 фунт (76,2 келі). Таразыда қазақстандық 167,8 фунт, ал Мексикадан келген қарсыласы 167,4 фунт көрсетті.

© Facebook/Gennadiy Golovkin

Головкин мен Альварес дивизиондағы абсолют әлем чемпионы атағын: боксшылар IBF, WBA Super, WBO және WBC титулдарын сарапқа салады.

Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады - Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) және Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) салмақ өлшеуден өтті. Қазақстандық салмақ өлшеу кезінде 167,8 фунт, ал америкалық қарсыласы - 167,6 фунт көрсетті.

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы екі белбеу - WBC Silver және "Солтүстік Америка" IBF чемпионы белбеуі сарапқа салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +37
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +31
П
Павлодар +25
Петропавл +34
С
Семей +40
Т
Талдықорған +40
Тараз +44
Түркістан +22
О
Орал +30
Ө
Өскемен +43
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер