GGG - құбыжық. Онымен ешкім күш сынаса алмайды - Головкиннің спарринг серіктесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

GGG - құбыжық. Онымен ешкім күш сынаса алмайды - Головкиннің спарринг серіктесі © allboxing.ru

Болашағынан үміт күттіретін америкалық боксшы Давид Бенавидес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жаттығу кезіндегі жұдырықтасулардан кейінгі әсерін, сонымен қатар, қазақстандықтың америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) алдағы жекпе-жегіне болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. 


Ал осыған дейін Бенавидестің Головкиннің жаттығу лагеріне келгені белгілі болған еді. 20 жастағы америкалық жартылай орта салмақта жұдырықтасады. Ол 17 жекпе-жектің 16-сын нокаутпен жеңген.

"Мен онымен спаррингке шыққанмын, ол кезде 15-те едім. Енді тағы да шығамын, қазір 20-дамын. Головкин - құбыжық, жыртқыш десем де болады. Онымен ешкім күш сынаса алмайды, бәрін қиратады. Ол ұлы спортшы, ақылды боксшы. Онымен бірге жұмыс істеу маған зор тәжірибе береді", - деді ол.

Ал Головкиннің Джейкобспен кездесуге қатысты пікірінде ол америкалықтың мықтылғын баса айтты. "Меніңше, Джейкобс - қатаң боксшы. Соңғы жекпе-жектерінде ол нағыз төбелес жасады, қарсыластарын жылдам нокаутқа түірді. Меніңше, Головкинмен керемет жекпе-жек өткізеді. Екі боксшы да аш, жеңілгісі келмейді. Кімнің жеңетінін білмеймін, алайда бұл тамаша бокс болады", - деді Бенавидес ALEETBOXING басылымына берген сұхбатында.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +24
Ақтау +28
Ақтөбе +24
Атырау +26
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +28
П
Павлодар +21
Петропавл +32
С
Семей +32
Т
Талдықорған +33
Тараз +34
Түркістан +23
О
Орал +29
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер