22 қазан 2020 11:03

Golden Boy президенті Головкин - Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесудің қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесудің қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Sky Sports порталына берген сұхбатында Гомес үшінші кездесудің 2021 жылы өтетінін айтты. Өйткені биыл коронавирусқа байланысты үлкен жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмай тұр. Оның үстіне промоутерлік компания мұндай жекпе-жекті жанкүйерсіз өткізуді қалап отырған жоқ екен.


"Біз үшінші кездесуді өткізудің талаптары туралы талқылап тастадық. "Канело" жекпе-жек өткізуге дайын. Біз көпшілікті таңғалдырып, кездесуді келесі жылы өткізе аламыз. Екі боксшы да (Головкин мен "Канело") өткен екі кездесудің табысты болғанын біледі. Сондықтан да ақша жасау үшін олар кездесуге ниетті", - деді Гомес. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес бұған дейін екі мәрте кездесіп, бір кездесу тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети