Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирестің командалары 2016 жылдың соңына қарай жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирестің командалары 2016 жылдың соңына қарай жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Басылымның мәліметінше, бұл жөнінде спорт шолушысы Дэн Рафаэль Твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, Хильберто Рамирес - WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы. 24 жастағы спортшы соңғы жекпе-жегін 9 сәуірде неміс боксшысы Артур Абрахамға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
Еске салайық, Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд болады. Қазақстандықтар үшін кездесу 24 сәуір күні таңертең басталады. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей трансляциялайды.