15 сәуір 2016 12:22

Головкин 2016 жылдың соңына қарай Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирестің командалары 2016 жылдың соңына қарай жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.


Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирестің командалары 2016 жылдың соңына қарай жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Жалғасы

Басылымның мәліметінше, бұл жөнінде спорт шолушысы Дэн Рафаэль Твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, Хильберто Рамирес - WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы. 24 жастағы спортшы соңғы жекпе-жегін 9 сәуірде неміс боксшысы Артур Абрахамға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Еске салайық, Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд болады. Қазақстандықтар үшін кездесу 24 сәуір күні таңертең басталады. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей трансляциялайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети