Астанадағы стоматологияда жігіт қайтыс болды: ДСМ тексеріс бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стоматология Фото:depositphotos.com

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрданат Беркінғали елордалық стоматологияда қоғамдық резонанс тудырған 20 жастағы пациенттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды TengriHealth Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.


Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрданат Беркінғали елордалық стоматологияда қоғамдық резонанс тудырған 20 жастағы пациенттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды TengriHealth Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.

Не болды?

Телеарнаның "Бүгін LIVE" бағдарламасы эфирінде денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрданат Беркінғали қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мен Комитет сарапшылары, сондай-ақ құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.

Оның қорытындысы бойынша жауапкершілік айқындалып, іске қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Бізге мәлім болғандай, қылмыстық іс қозғалды. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жария етуге жатпайды. Барлық қорытынды тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шығарылады", - деді ол.

Сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары тексеру барысында стоматологияның рұқсат құжаттары, лицензиясының бар-жоғы, біліктілік талаптарының сақталуы мен медициналық көмек көрсету стандарттарының орындалуы қаралатынын айтты.

"Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар - әкімшілік немесе өзге де шаралар қолданылады. Ең алдымен тексеруді толық аяқтап, тиісті баға беру қажет деп санаймын".

Сонымен қатар сарапшылар медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін анықтайды.

Мән-жайы

2 мамырда Астанадағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы қала тұрғыны қайтыс болғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, стоматолог препаратты аллергиялық сынама жасамай салған. Ине салғаннан кейін жас жігіт құрысып, жағдайы күрт нашарлаған.

Бұған қарамастан, оған препаратты қайталап салған. Содан кейін жігіт қайтыс болған.

Сондай-ақ аллергиялық сынамасыз инъекцияны практикант жасағаны, ал стоматолог жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны хабарланды.

Тағы оқыңыз:

Астанада тұрғын үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып өлтірді

“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы жазбаларға жауап берді

TengriEdu