“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы жазбаларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы жазбаларға жауап берді Фото:depositphotos.com

Алматыда жаппай төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан екі жасөспірім көз жұмды. Қалалық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты, сондай-ақ жасөспірімдер бірінің өліміне байланысты әлеуметтік желілерде тараған нұсқаларға пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жаппай төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан екі жасөспірім көз жұмды. Қалалық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты, сондай-ақ жасөспірімдер бірінің өліміне байланысты әлеуметтік желілерде тараған нұсқаларға пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

КТК телеарнасы хабарлағандай, жақындарының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы жанжал компьютерлік клубта басталған. Олардың мәліметінше, жасөспірімдер өзара сөзге келіп қалып, сыртқа шыққан.

"Компьютер клубынан шыққан жанжал көше бойында пышақтасуға ұласқан. Кикілжіңге қызға талас себеп болуы мүмкін. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған екі бала ажал құшты", - деп хабарлайды телеарна.

Telegram-арналардың біріндегі хабарламада қаза тапқандар бірінің туыстары қайғылы жағдайдан кейін жарақат алғанына қарамастан, жасөспірімді алдымен ауруханаға емес, полиция басқармасына апарғанын, "онда ол ұзақ уақыт бойы медициналық көмексіз қалғанын" мәлімдеді деп айтылған. Олардың сөзінше, кейін жасөспірім ауруханада көз жұмған.

Сонымен қатар Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалардың бірінде оқиғаның ұқсас нұсқасы айтылды.

"Аурухана орнына оны Алатау аудандық полиция басқармасына апарады. Онда бір сағаттан астам уақыт ұстайды. Жарақат алған 17 жастағы жігіт бір сағаттан астам уақыт медициналық көмексіз қалады. Жедел жәрдемсіз. Дәрігерлерсіз. Ата-анасына хабарламай. Пышақ жарақаты кезінде "бір сағаттан астам" уақыттың не екенін түсінесіздер ме? Бұл қателік емес. Бұл "үлгермей қалу" емес. Бұл – шешім. Осы уақытта 13 жастағы інісі оны қала ішінен өзі іздеп жүреді. Өзі полиция бөліміне барады. Дәл сол жерде қызметкерлер балаға ағасының қайтыс болғанын хабарлайды", - делінген жазба мәтінінде.

Полиция жауабы

Біз пікір алу үшін Алматы полициясының баспасөз қызметіне хабарластық. Бізге әлеуметтік желілерде тараған зардап шеккендердің бірін ауруханаға емес, полиция бөлімшесіне жеткізді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары дереу жеткенін хабарлаймыз. Зардап шеккендердің екеуі де шұғыл түрде медициналық мекемеге жатқызылды. Дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, олар көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ ведомство өкілдері адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар полиция қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған мәлімет таратпауды сұрады.

Бұған дейін Алматы облысында қызды шығарып салған 17 жастағы баланы жабылып өлтіріп кеткен.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   544.85   6.17 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер