Геннадий Головкин әлемнің ешкімнен жеңілмеген ең үздік боксшыларының бірі атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин әлемнің ешкімнен жеңілмеген ең үздік боксшыларының бірі атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұндай рейтингті Американың Bleacher Report танымал спорт порталы жасады. Қазақстан боксшысы бұл тізімде бесінші орынды иеленді. WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы жеңілуді білмейтін үздік 12 боксшының қатарына енді. Bleacher Report рейтингі мен оған енген боксшылар туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, 18 қазан күні Американың Карсон қаласында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин мексикалық Марк Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылайша Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жеңістер санын 31-ге жеткізді, оның нокауттарының саны 28-ге, ал мерзімінен бұрын аяқталған жекпе-жектері 18-ге жетті. Айта кетейік, бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы өз қарсыласына бірнеше апперкот келтірді, ал нокаут сол қолмен қапталдан берілген ауыр соққының салдарынан болды. Бұл жекпе-жегі үшін Головкин спорттық мансабындағы ең көп сыйақы - миллион долларға жуық қаржыны алды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Геннадий Головкин өз жекпе-жектерінің 90,3 пайызын нокаутпен жеңген. 2008 жылдан бері оның бірде-бір қарсыласы кездесудің соңына дейін шыдамады. Головкиннің келесі жекпе-жегі 2015 жылдың ақпан айында Монакода өтеді. Оған ағылшын боксшысы Мартин Мюррей қарсылас болуы мүмкін. 2015 жылы Қазақстан боксшысы шаршы алаңға барлығы төрт рет шықпақшы.
Vesti.kz жаңалықтар порталының Геннадий Головкин нокауттарының рейтингін жасап жатқанын еске сала кетейік. Рейтингті құрастыруға оқырмандар да қатыса алады.