20 қазан 2014 15:12

БАҚ Геннадий Головкиннің нокауттар рейтингін жасауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин - Дэниэл Гил. ©REUTERS Геннадий Головкин - Дэниэл Гил. ©REUTERS

Қазақстандық Vesti.kz спорт порталы өз оқырмандарына Геннадий Головкиннің үздік нокауттар рейтингін жасауды ұсынып отыр. Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңына 31 мәрте шығып, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 28 кездесуін отандасымыз уақытынан бұрын аяқтаған.


Қазақстандық Vesti.kz спорт порталы өз оқырмандарына Геннадий Головкиннің үздік нокауттар рейтингін жасауды ұсынып отыр. Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңына 31 мәрте шығып, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 28 кездесуін отандасымыз уақытынан бұрын аяқтаған.

Портал 2012 жылы 1 қыркүйекте польяк боксшысы Гжегож Проксомен жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің спорттық мансабындағы жаңа белестің басталғанын айтады. Ол американың үздік телеарналарының бірі НВО арнасымен келісімшартқа отырды. Содан бері оның жекпе-жектерінің таралым сапасы жоғарылап, оның қарсыластарының да деңгейі өсті.

Үш жылда Геннадий Головкин сегіз кездесу өткізіп, барлығын да уақытынан бұрын аяқтады. Оқырмандар үздік деп танылған нокаутқа дауыс бере алады. Өзіңіздің дауысыңызды мына жерден бере аласыз. 

1 қыркүйек 2012 жыл. Геннадий Головкин - Гжегож Прокса. Бесінші раундта нокаут (видеода 23:50)

19 ақпан 2013 жыл. Геннадий Головкин - Габриэль Росадо. Кездесудің жетінші раундында Росадоның командасы жеңілгендерін мойындап сүлгі лақтырды. (видеода 33:16)

30 наурыз 2013 жыл. Геннадий Головкин - Нобухиро Ишида. Үшінші раундта нокаут (видеода 10:25)

Еске салайық, Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 19 қазан күні АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізді. Головкиннің WBA (Super) және IBO Рубионың WBC тұжырымының уақытша чемпиондық атағы сарапқа салынған кездесудің екінші раундында отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети