17 қазан 2018 10:27

Головкин алғашқы жеңілісінен кейін келесі қарсыласын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ringtv.com © ringtv.com

Геннадий Головкин алғашқы жеңілісінен кейін келесі қарсыласын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Геннадий Головкин алғашқы жеңілісінен кейін келесі қарсыласын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегінде чемпиондық атағын қайтарып алуы мүмкін. Бұл туралы LA Times басылымына қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Леффлердің сөзінше, Головкиннің келесі қарсыласы осы аптада анықталады. 20 қазанда Лас-Вегаста орта салмақта WBA Regular белбеуінің иегері Риота Мурата (14-1, 11 КО) мен америкалық Роб Брант арасындағы жекпе-жек өтеді.

Промоутердің айтуынша, жапониялық боксшы жеңсе, "Головкин - Мурата жекпе-жегі жақсы нұсқа. Токиоға аттану қызық болмақ". Сонымен бірге, ол бұл кездесу ESPN арнасында трансляциялануы ықтимал екенін атап өтті.

"Мұнда әңгіме Головкиннің белбеулерінде емес, жекпе-жектің өзі қызық. Көптеген БАҚ пен жанкүйерлер Геннадий белбеулерін сақтап қалу керек еді деген ойда, бірақ, қазір ол барлық атақтан жоғары. Бізге жасалған қолдаудың негізі ол бәрібір чемпион болу керек дегенде жатыр", - дейді Леффлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети