02 мамыр 2018 11:55

Головкин - Альварес реваншы өтпей қалуынан кім қандай шығынға батты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварес пен Головкин. © reviewjournal.com Альварес пен Головкин. © reviewjournal.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында екінші жекпе-жекті ұйымдастыру шараларына 250 миллион доллар жұмсалған, - деп хабарлайды ESPN Deportes.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында екінші жекпе-жекті ұйымдастыру шараларына 250 миллион доллар жұмсалған, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтуі тиіс болатын. Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді. 4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. 

ESPN Deportes мәліметінше, Головкин мен Альварестен басқа Golden Boy Promotions компаниясы, НВО телеарнасы, MGM Grand кешені мен демеушілер зардап шеккен. Сонымен қатар, Лас-Вегастағы қонақүйлер мен кинотеатрлар және басқа да көңіл көтеру орталықтарына да шығын келген. 

Бірінші жекпе-жекте сатылған билеттен түскен қаражат мөлшері 27 миллион доллар болған. Ал екінші жекпе-жектің болмайтыны анықталғанда, спорт кешенінің кассасында 22 358 адам орындық аренаға небәрі мыңнан аса билет қалған. 

100 миллион доллар шығын PPV (ақылы трансляция) сатылымдары арқылы келтірілген. Бірінші жекпе-жекте - 1,3 миллион PPV сатылым болған. Бағасы 79,75 доллар болған көрсетілімнен 103 миллион 935 мың доллар түскен. 

Сондай-ақ Невада штатының қазынасына да шығын келтірілді, себебі мемлекет билет сатылымының алты пайызын алуы тиіс еді. Атлеттер комиссиясы осы билет сатылымдарынан екі пайыз алуы керек болған.

Еске салайық, 5 мамырда америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Мартиросян жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнына басады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети