Головкин - Альварес реваншының нақты басталу уақыты анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Альварес реваншының нақты басталу уақыты анықталды © reviewjournal.com

15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің тікелей эфирге шығу уақыты мәлім болды. Кештің басты оқиғасы WBC, WBA (Super) және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 нокаут) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 нокаут) арасындағы жекпе-жек. 


15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің тікелей эфирге шығу уақыты мәлім болды. Кештің басты оқиғасы WBC, WBA (Super) және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 нокаут) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 нокаут) арасындағы жекпе-жек. 

ESPN Deportes мәліметі бойынша, бокс кеші жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де басталады (Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03:00-де), ал PPV-андеркарты (ақылы көсетілім) трансляциясы 17:00-ге жоспарланған (Астана уақытымен сағат таңғы 06:00). 

Головкин мен Альварес рингке жергілікті уақытпен сағат 19:00 мен 19:30 аралығында шығады деп күтіледі. Ал қазақстандық көрермендер үшін басты жекпе-жек 16 қыркүйекте, жексенбіде сағат 08:00 мен 08:30 аралығында басталады. Қазақстанда тікелей эфирді QazSport және Qazaqstan арналарында көрсетеді. 

Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің реванш үшін алатын гонорары мәлім болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде сегіз жекпе-жек жоспарланған. PPV трансляциясына Никарагуалық төрт салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роман Гонсалес (46-2, 38 кило) пен мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО) тартысы, IBF-тің орташа салмақтағы бұрынғы чемпионы канадалық Дэвид Лемье (39-4, 33 КО) және ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) және WBO бойынша бірінші орташа салмақ дәрежесі чемпионы, мексикалық Хайме Мунгуяның (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукпен (20-1, 13 КО) жекпе-жегі көрсетіледі. 

Геннадий Головкин екінші ұрыста өзінің барлық титулын тігіп, The Ring чемпионы болуға және WBC-дің арнайы белбеуін алуға мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, Головкин мен Алварес арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте сол алаңда тең нәтижемен аяқталған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +16
Ақтау +17
Ақтөбе +15
Атырау +21
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +14
К
Көкшетау +12
Қ
Қостанай +18
Қызылорда +21
П
Павлодар +15
Петропавл +17
С
Семей +18
Т
Талдықорған +19
Тараз +21
Түркістан +14
О
Орал +12
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер