Головкин Альвареспен келісе алмаса, жоғарғы салмаққа өтеді - Санчес

27 Наурыз 2017, 10:00
0
Головкин Альвареспен келісе алмаса, жоғарғы салмаққа өтеді - Санчес - © Reuters / Peter Cziborra
© Reuters / Peter Cziborra

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен келісе алмаса жоғарғы салмаққа өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий орта салмақта барлық белбеулерді жеңгеннен кейін, сол дивизионда қалудың еш мәнісі жоқ. Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерспен жекпе-жек маусымда өтетін болса, онда GGG екінші орта салмаққа көтерілуді жоспарлап отыр. Ары қарай..."Канеломен" келісімшарт жасалса, онымен жұдырықтасуға да дайынбыз. Егер ол келіспесе, супер орта дивизионға көшетін боламыз", - деп жазады Санчестің сөзін BoxingNews24 порталы. 

Оның айтуынша, супер орта салмақта олар "ірі жігіттермен шаршы алаңға шығып, ірі жекпе-жектерге шығатынын" айтады. Екінші орта салмақтағы жігіттердің Головкиннің соққысына қалай төтеп беретінін көреміз. Хильберто Рамирес қазірдің өзінде Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Мен Головкиннің супер орта салмақта барлық белбеулерді жеңіп алғанын көргім келеді, - деді бапкер.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай