02 ақпан 2018 12:05

Головкин Альвареспен өтетін екінші жекпе-жек туралы пікір білдіруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Сочиде өтіп жатқан Халықаралық бокс форумы барысында тілшілерге ресейлік боксшы Мурат Гассиев (25-0, 18 КО) пен Юниер Дортикос (22-0, 21 КО) арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісіп, бірақ өзінің 5 мамыр күні Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдіруден бас тартты., - деп хабарлайды Vesti.kz.

 Головкин бірнеше тілшінің қойған сұрақтарына жауап берді. Гассиев - Дортикос жекпе-жегіне қандай болжам жасайтыны, боксшылардың артықшылығы мен кемшіліктері, Жекпе-жек нокаутпен аяқталуы мүмкін бе?, Мурат үшін бұл "өміріндегі басты қарсылас" деген әңгімемен келісесіз бе? Аса ауыр салмақта Мураттың табысқа жету мүмкіндігі қандай? - деген сұрақтар болды. 

"Боксшылардың артықшылығы және кемшілігі туралы айту қиын. Екі чемпионның шаршы алаңға шыққанының өзі бокс үшін үлкен жетістік. Сондықтан да бокс жанкүйері үшін жақсы жекпе-жекке жанкүйер боламын. Әрине, мүмкін. Бұл бокс қой. Дұрыс айтасыз. Қарапайым нәрсе ғой бұл. Бокста барлығы да болуы мүмкін. "Өміріндегі басты қарсылас" деген тым артық әңгіме. Менің ойымша, бұл Мураттың карьерасындағы маңызды кездесулердің бірі. Ол қазір ауыр салмақта өнер көрсетеді ғой. Сондықтан аса ауыр салмақ туралы айтқанымыз орынсыз деп ойлаймын.

Сондай-ақ сол жердегі журналистердің бірі "Геннадий, жуырда ғана сіздің Альвареспен екінші кездесуіңіз туралы ресми хабарланды, Форумға келуіңіз ол кездесуге дайындық үшін кедергі келтірмей ме" деп сұрақ қойған уақытта Головкин екі рет былай деп жауап қайтарды: "Мен бұл туралы айтқым келмейді".

Еске салайық, кеше Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс форумына келді. Жиын барысында World Boxing Super Series (WBSS) жобасының жартылай финалдық кездесуі өтеді. Онда ресейлік Мурат Гассиев (25-0, 18 КО) пен кубалық Юниер Дортикос (22-0, 21 КО) кездеседі. "Большой" спорт кешенінде өтетін бұл кездесуде боксшымен IBF және WBA (Regular) белбеулеріне таласады.

Айта кетейік, Гассиев пен Головкин соңғы жылдары Big Bear (Калифорния штаты, АҚШ) лагерінде танымал маман Абель Санчестің қол астында жаттығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети