10 шілде 2018 12:10

Головкин Альваресті соңғы гонгқа дейін бетпе-бет тұрып жұдырықтасуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bigmir)net © bigmir)net

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин мексикалық боксшы алғашқы жекпе-жектегі ашық жұдырықтаспау тактикасын өзгертеді деген үмітте.

"Канелоның" шабуылдағанын күтемін, өйткені мұны адамдар көптен күтіп келеді. Мен соңғы гонг соғылғанға дейін соққылармен алмасуға дайынмын. Алғашқы жекпе-жекте Сауль алға ұмтылмады. "Канелоның" мықты боксшы және көрермен қалайтын жекпе-жек болатынына күмәнім жоқ. Бұл боксты сүйетіндер үшін тамаша кеш болады. Стилімді өзгертпеймін. Мен үнемі алға ғана жүремін, сондықтан айтарлықтай өзгеріс болмайды. "Канелоға" өзгеру керек".

Мұның алдында Головкин алдағы қарымта жекпе-жектің "Канелоға" көбірек қажет екенін айтқан. Оның айтуынша, мексикалық өзіне зиян келтіріп, жаман атқа қалды.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болған. Қарымта биыл 15 қыркүйекке сол орынға белгіленіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети