02 қазан 2017 08:53

Головкин әуесқой бокста өзінен үстем болған қарсыласына 25 мың еуро ақша аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжрымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин немістің Гифхорн қаласындағы қайырымдылық бокс кешіне қатысты, бұл бокс кеші боксшы Эдуард Гуткнехтті қолдау мақсатында ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Waz-online.de басылымына сілтеме жасап. 

29 қыркүйекте өткен шараға 100 мыңдай адам қатысқан, оның ішінде спорт әлемінде жақсы таныс адамдар да бар. Ұйымдастырушылар 50 мың еуро жинапты, бұл қаражат Гуткнехттің отбасына беріледі. Ал Головкиннің өзі 25 мың еуро аударды. 

Еске салайық, өткен жылдың қарашасында Гуткнехт Джордж Гроувзбен ауыр жекпе-жек өткізіп, кездесу аяқталысымен ауруханаға жатқызылған еді. Дәрігерлер оның басына қан құйылғанын анықтап, ота жасаған. Ал биыл сәуірде Гуткнехтің әйелі дәрігерлер көңіл толмайтын болжам жасап отырғанын жариялаған. Боксшы ауыр ми жарақатынан ешқашан жазыла алмайтыны белгілі болды. Гуткнехт Головкинді әуесқой бокста жеңген. Бұл 2005 жылы Германиядағы Chemie Pokal турнирінде болған, неміс боксшысы қазақстандық ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети