10 қыркүйекте Лондонда WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF титулы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпионы, ағылшын боксшысы Келл Бруктің жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекті тікелей эфирде Kazsport телеарнасы көрсетеді. Бұл туралы Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Кездесуден Sky Sports телеарнасы да тікелей таратылым жасайды.
Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 20 мың орындық O2 аренасында өтеді. Осыған дейін бокс кешінде бұл аренада ине шаншар жер болмайтыны белгілі болған еді, себебі кездесудің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен. Кездесу орта салмақ аясында өтеді, сондықтан жекпе-жекке Головкиннің титулдары тігіледі.