06 қазан 2019 09:47

Головкин Деревянченконы жеңді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық Геннадий Головкин IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Геннадий Головкин бірінші раундта украиналық Сергей Деревянченконы нокдаунға жіберді. Десе де Деревянченко орнынан тұрып, ұрысты жалғастыра алды. 12 раундқа созылған жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді.

Енді Головкиннің қанжығасында 40 жеңіс, оның 36-сын мерзімінен бұрын бітірген, сонымен қатар бір рет тең түскен және бір жеңіліс бар. Айта кетейік, Головкин алғаш рет 2010 жылы әлем чемпионы атанғанда WBA белбеуін (Regular) жеңіп алған. 

Мұның алдында Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко Нью-Йоркте ресми түрде жекпе-жек алдында көз арбасқан еді. Салмақ өлшеу рәсімінде 37 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласынан 90 грамм ауыр болып шықты - 72,211 келі, ал украиналық - 72,121. Екеуі де орта салмақ лимитінен аспады (72,574 келі). 

Орта салмақта IBO белбеуін соңғы рет иеленген Головкиннің өзі болатын, бұл титулды ол 2011 мен 2018 жыл аралығында таққан. Ал IBF белбеуін қазақстандық боксшы 2015-тен 2018-ге дейін иеленді. Сонымен бірге, GGG 2010 бен 2018 жыл аралығы WBA, ал 2016-дан 2018 жылға дейін WBC чемпионы болған.

IBO белбеуі кәсіпқой бокстағы беделдігі жағынан бесінші орында. Мәселен, абсолют чемпион атану үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF титулдары жеткілікті.

Енді Головкин Альвареспен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Айта кетелік, қос боксшы осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасқан. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жылдан соң төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети