Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин, Джейкобс және Сондерс әлеуметтік желілерде жанжал шығарды

15 Қыркүйек 2016, 09:12
2

Бірден үш боксшы - қазақстандық Геннадий Головкин, америкалық Дэниэл Джейкобс пен ұлыбританиялық Джо Сондерс әлеуметтік желілерде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының Брукпен өткен кездесуінен кейін олардың арасында жанжал болғаны айтылады. Айта кетейік, Головкин - Келл Брук кездесуі қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні өткен болатын.

Жекпе-жек аяқталған соң Джейкобс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында қазақстандық боксшыны кездесуге шақырып, былай деп жазған еді: "Мен бұл туралы осыған дейін де айтқанмын. Бүгін тағы да қайталап айтамын. Енді менің кезегім".

Ал бұл жазбаға жауап ретінде Головкин бүгін, 15 қыркүйекте Twitter желісінде былай деп жауап берді:  @DanielJacobsTKO Then you should already start practising, and while you are dancing, do not forget to practise signing contracts #GGGJacobs ( "Саған дайындалатын әрі жаттығатын уақыт келді. Келіссөздерге де қол қоюға жаттығуды ұмытпа").

Осыдан кейін олардың диалогтарына Сондерс араласады. @GGGBoxing @DanielJacobsTKO is a pussy I have my pen in my hand waiting #allOfTheBelts #ImReady you rat. "Джейкобс қорқақ. #Белбеудікүтемін. Мен дайынмын, қорқақтар", - деп жазды ұлыбританиялық боксшы. Айта кетейік, Сондерс осыған дейін Головкинға Борат жайлы айтып, намысына тиген еді.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Головкин осымен 36 кездесуіндегі 36-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Брук болса кәсіпқой бокста бірінші рет жеңіліске ұшырады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай