22 тамыз 2017 11:07

Головкин жанкүйерлерін Альвареспен өтетін ашық жаттығуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин барлық жанкүйерін Сауль Альвареспен өткізетін ашық жаттығуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Келіңіздер, достар! GGG мен "Канело" ашық жаттығуы 28 тамызда өтеді. Қонақтар сағат 10.30-дан келе бастайды, ал жаттығу сағат 12.00-де басталады. Кіру тегін", - делінген суреттің сипаттамасында.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети