19 наурыз 2019 16:55

Головкин жарнамадан қанша табыс табады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ESPN.com © ESPN.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының тұжырымы бойынша танымал жүз спортшы рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының тұжырымы бойынша танымал жүз спортшы рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы рейтингпен салыстырғанда GGG бірнеше саты құлдилаған - 61-ші орыннан 78-ге.

Бұл рейтингті құрастыру кезінде спортшылардың жарнамадан түсетін табысы да есепке алынады. Осылайша, Головкин жарнамадан жылына 2 миллион доллар пайда көреді екен.

Салыстыру үшін - мексикалық Сауль "Канело" Альварес бұл рейтингте 68-ші орында тұр, ал жарнамадан жылына 2,5 миллион доллар доллар табыс көреді.

Бұл рейтингтің алғашқы үштігінде Криштиану Роналду, Леброн Джеймс және Лионель Месси тұр. Мұндағы ең көп табыс америкалық баскетболшыда - 52 миллион доллар.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети