16 қаңтар 2018 | 10:58

Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Los Angeles Times © Los Angeles Times

Танымал бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адамды айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адамды айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен жылы қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында екі боксшы шаршы алаңда кездесіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтай алмады. Аделаида Берд Альварестің пайдасына (118-110) берді, Дэйв Моретти жеңісті Головкинге берді (115-113), ал Дон Трелла қос боксшыны тең етті (114-114).

"Менің ойымша, біз 8-4 есебімен жеңдік. Бұл жерде дау туатыны сөзсіз. Аделаида Бердтің қойған бағасы қисынсыз әрине, бірақ ең көп зиянды Дон Трелла келтірді, ол жетінші раундты мексикалыққа берді, негізінде барлығы осы раундты Головкинге берді. Оның нәтижесінде есеп тең болды. Егер Трелла сол раундты бергенде GGG жеңіске жетер еді. Қалай болғанда да мен үшін Головкин жеңді", - деді Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында. 

Трелланың осы бір бағасын бұрындары Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум, Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес, ESPN маманы Дэн Рафаэльдер сынға алған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер тең ұпай берген төрешіні жауапкершілікке тартуға шақырды. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer