Головкин - "Канело" қарымта жекпе-жегі туралы ресми хабардың қашан жарияланатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - "Канело" қарымта жекпе-жегі туралы ресми хабардың қашан жарияланатыны анықталды © boxingscene.com

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командалары арасындағы қарымта кездесу бойынша келіссөз аяталуға жақын, - деп хабарлайды ESPN Deportes.


Golden Boy Promotions компаниясындағы мәлімет көзінің ақпаратынша, қарымта жекпе-жек туралы ресми хабар осы немесе келесі аптада айтылады. Тараптарға ұсақ-түйекті келісу ғана қалған.

Мұның алдында Fox Deportes тараптардың қарымта кездесу мерзімін белгілегенін хабарлаған. Басылым мәліметінше, Головкин-Альварес жекпе-жегі 5 мамырда Синко де Майода өтеді.

Дегенмен екінші жекпе-жектің орны әлі белгісіз. Бұл бокс кешін өткізуге Лас-Вегастағы T-Mobile Arena басты үміткер болып отыр.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі T-Mobile аренасында көрермендердің жиналуы бойынша рекорд орнатқан. Daily Mail мәліметінше, бұл жекпе-жектен қазақстандық боксшы 25 миллион доллар, ал мексикалық 16 миллион доллар табыс көрген. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер