26 қазан 2017 09:48

Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек қай қалада өтетінін тұспалдап айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесудің қай қалада өтетінін анықтаған сияқты, - деп жазады Vesti.kz.

Бұған Головкиннің твиттердегі жазбасы себеп болып отыр. Ол GGG командасының Техас штатындағы Даллас қаласына жасаған сапарына орай жазылған мақаланың сілтемесін жариялаған. Қазақстандық боксшы мен оның өкілдері бұл қалаға "Канеломен" екінші кездесуді ұйымдастыру үшін барған секілді.

Далластағы ең танымал арена - AT&T Stadium. Бұл "Даллас Ковбойз" ҰФЛ клубының алаңы және мұнда 100 мың адам сияды. Мұның алдында Головкиннің промоутері Том Леффлер реваншты осы стадионды өткізуді қалайтынын айтқан. Қазақстандықтың өзі жекпе-жекті осы қалада өткізсе тамаша болар еді деп мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети