Головкин Канеломен трилогиясы және ағылшын тілінде неге сөйлемей кеткені туралы айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Канеломен трилогиясы және ағылшын тілінде неге сөйлемей кеткені туралы айтты Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Yahoo! Japan-ға берген сұхбатында Саул Канело Альвареспен трилогиясы және неге көпшілік алдында ана тілінде сөйлей бастағаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti сайтына сілтеме жасап.


- Сіз әлі де басты қарсыласыңыз Саул Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізгіңіз келе ме? Егер жекпе-жек болса, орта салмақ дәрежесінде өтуі мүмкін, бұл сіз үшін қалыпты ма?

- Егер Канеломен трилогияны сипаттасақ, бұл акция бағасының өсуін күтумен бірдей. Егер ол IPO деңгейіне жетсе, жекпе-жекке шығуымыз мүмкін.

- Сіз АҚШ-та супер жұлдыз болдыңыз. Егер Канеломен бірінші кездесуде жеңіске жетсеңіз, одан да танымал болатын едіңіз. Сіз оған қарсы жекпе-жек туралы ойлайсыз ба?

- Бұл жекпе-жек туралы көптен ойламадым. Бұған қатысқандар шындықты біледі, онымен күресуге тура келеді. Боксты түсінетіндер кім жеңгенін біледі.

- Неге Канеломен екінші жекпе-жектен кейін көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлемей кеттіңіз?

- Ана тілімде ойымды анық жеткізем деп ойладым.

Еске салайық, Головкин 29 желтоқсанда Токиода рингке оралады, ол орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.

Канеломен 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста кездескен. Бірінші жекпе-жекте кім мықты екені анықталмады, ал екіншісінде мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер