13 мамыр 2020 09:23

Головкин карантин біткеннен кейін бірінші кезекте қайда баратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© DAZN © DAZN

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) карантин біткеннен кейін бірінші кезекте қайда баратынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) карантин біткеннен кейін бірінші кезекте қайда баратынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы карантин кезінде әйелі және үш баласымен Лос-Анджелесте тұрып жатыр. Бұған дейін ол коронавирус пандемиясына байланысты көрермендерсіз жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтқан. 

"Карантиннен кейін бірінші кезекте бокс залына барамын. Ал сіз осы кезде нені қатты сағындыңыз?", - деп жазды Головкин Instagram-парақшасында. 

38 жастағы Головкин соңғы жекпе-жегін 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы өткізген. Сол кездесуде ол төрешілер шешімімен жеңіп, екі титул иеленген болатын. 

Өткен аптада Головкин боксқа оралған соң міндетті үміткер польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеген еді.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети