Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Головкин - Лемье жекпе-жегін тікелей эфирден қай арна көрсетеді

28 Шілде 2015, 19:34
0
©roundbyroundboxing.com
©roundbyroundboxing.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, канадалық Давид Лемьенің арасындағы біріктірілген кездесуді "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz телеарнаның сайтына сілтеме жасап.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Давид Лемье Головкинмен кездесуі жайлы пікірін айтқан болатын. "Мен ең үздік боксшылармен жұдырықтасқым келеді және Головкин ең үздігі", - дейді Лемье. - Қазір ол мансап жолының шыңында. Мен оны осы кезде жеңемін. Нокауттарым да, күшім де көп. Бұл жігіт үнемі алға қарай жүреді, сондықтан оны рингте қууға мәжбүр болмаймын. Бұл нағыз соғыс болады".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай