Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қайда және қашан өтетіні белгілі болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қайда және қашан өтетіні белгілі болды - БАҚ © SB Nation

Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) ресми сайтында 2019 жылғы жоспарларға қатысты қызықты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Осылайша, алдағы жоспарлар кестесіндегі 2019 жылдың 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтетіні көрсетілген. Бұл шараны ұйымдастырушылар Golden Boy Promotions және GGG Promotions компаниялары, ал трансляцияны DAZN стриминг қызметі жүргізеді.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде кім жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда жоғарыда аталған компаниялар орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізеді.

Промоутерлер боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін орын дайындап қойған болуы мүмкін. Дегенмен NSAC күнтізбедегі жоспарлар әлі нақты емес және кейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Боксшылар T-Mobile аренасында осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді. 2017 жылы қыркүйекте төрешілер тең нәтиже шығарды, ал бір жылдан соң өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті мексикалыққа берді. Биыл өткен кездесуден соң қос боксшыда үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін жеткізген еді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер