Головкин мен Альварес жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін - Инсайдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Альварес жекпе-жегі келесі жылға қалуы мүмкін - Инсайдер Фото: boxingscene.com

The Ring, LA Times, Fox Sports басылымдарындағы жұмысымен танымал журналист Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогияға қатысты инсайдерлік ақпараттарын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Дереккөздердің хабарлауынша, Golden Boy Promotions пен "Канело" қыркүйекте Головкинмен трилогия өткізуге қарсы болып отыр. Оның орнына "Канело" 14 қыркүйекте Каллум Смитпен не Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, GGG-мен жекпе-жекті 2020 жылдың мамырына қалдыруды қалайды.

Ал DAZN  "Канело" - Головкин трилогиясын осы күзде өткізуге тырысып жатыр. Альварес Смитпен 168 фунтта, Ковалевпен 175 фунтта қолғап түйістірмек. 

Бірақ әлі де "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жектің 14 қыркүйекте өту мүмкіндігі бар. Әзірше ештеңе шешілген жоқ. GGG мен DAZN осыны қалап отыр. Енді "Канелоның" не шешетінін көрейік", - деп жазды инсайдер Twitter желісінде. 

Бұған дейін Головкин мен Альварестің командалары келіссөзді бастаған еді, бірақ ол жемісті болмаған. Себебі Головкин үшінші жекпе-жекті тағы да Лас-Вегаста өткізуге қарсы.

"Канелоның" да Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді - ол қазақстандық боксшының осы жекпе-жек арқылы көп қаражатқа кенелгенін қаламайды екен. 

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысын өткізген еді. Қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жектен кейін ол Альваресті трилогия ұйымдастыруға шақырып, оны қыркүйекте өткізуді ұсынған. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер