22 маусым 2017 11:19

Головкин мен "Канелоның" ойыншық шайқасының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) ойыншық шайқасының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нью-Йорктегі баспасөз конференциясының алдында боксшылар өздерінің командаларымен бірге The Wall Street Journal редакциясына барып қайтты. Сонда Головкин мен "Канело" бірге сұхбат беріп, Rock 'Em Sock 'Em Robots ойынын ойнады.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети