Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин мен Рубио чемпиондық атақтарын біріктіреді

21 Тамыз 2014, 10:40
0
Геннадий Головкин. ©gggboxing.com
Геннадий Головкин. ©gggboxing.com

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жекте Рубио өзінің WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеуін ортаға қойса, Геннадий Головкин WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін тігеді. Бұл кездесудің жеңімпазы WBC нұсқасының толыққанды чемпионы, 33 жастағы Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндетті болады.

"Біз Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктірі үшін жұдырықтасады деп шештік. Екі боксшы да чемпиондар. Ал кездесудің жеңімпазы WBC нұсқасының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады", - дейді Бүкіләлемдік боксшылар одағының (WBS) президенті Маурисио Сүлейман. 

Айта кетейік, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай