02 ақпан 2015 18:50

Головкин: Мюрреймен кездесу мен үшін нағыз сынақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©boxingscene.com Геннадий Головкин. ©boxingscene.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен арадағы жекпе-жегінің өзі үшін нағыз сынақ болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxmir.com порталына сілтеме жасап. 

"Мюррей - қатал әрі қауіпті қарсылас. Бұл қалжың емес. Алда тұрған кездесу екеуіміз үшін де салмақты қақтығыс болады. Мюррей Серхио Мартинес пен Феликс Штурмға қарсы жақын қашықтықтағы екі кескілескен жекпе-жекті бастан өткерді. Ондай күшті қарсыласпен жұдырықтасу мен үшін нағыз сынақ болады", - деп келтіреді Boxmir.com Головкиннің сөзін.

Бұған дейін Головкин Мюрреймен кездескеннен кейін біріктіру жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеген еді. Қазақстан боксшысы Мюррейден соң орта салмақта WBC белбеуіне ие пуэрторикалық Мигель Коттомен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles алаңында өтеді. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де кәсіби шаршы алаңдағы 32-кездесу болады. Жұдырықтасуды HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети