Головкин оңай жолмен жүргісі келеді - Сауль Альварес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин оңай жолмен жүргісі келеді - Сауль Альварес © Tengrinews.kz

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы 34 жастағы Геннадий Головкинді әлсіз қарсыластарды таңдайды деп айыптады, - деп хабарлайды Vesti.kz Ring TV телеарнасына сілтеме жасап.


"Оның барлық қарсыласы - оңай жолмен жеңуге болатындар, - деп мәлімдеді "Канело". - Ол ешқашан оны жаңа деңгейге шығаратын қарсыласпен жұдырықтасқан емес".

Альварестің айтуынша, оның Әмір Ханға қарсы жекпе-жегі Келл Брукпен жұдырықтасатын Головкиннің жағдайына ұқсамайды. "Ең басты айырмашылық: Брук екі дәрежеге көтеріле алады. Ал Әмір Хан тек бір дәреже бойынша көтерілген еді".

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.

Ал Альварес 17 қыркүйекте орта салмақтағы WBО тұжырымдамасы бойынша 27 жастағы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +28
Ақтау +28
Ақтөбе +32
Атырау +32
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +20
П
Павлодар +28
Петропавл +28
С
Семей +27
Т
Талдықорған +30
Тараз +35
Түркістан +31
О
Орал +25
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер