1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин өзі сияқты жұлдызбен кездесіп көрген емес - Bleacher Report басылымы

© bleacherreport.com © bleacherreport.com

Bleacher Report басылымының нұсқасы бойынша, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өтетін жекпе-жек 2017 жылы күтілетін кездесулердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жеңіліске ұшырамайтын орта салмақтағы боксшы 23 рет нокаутқа түсірудің арқасында бокс жұлдызы атанды. Ол титулдарын жинады, бірақ ешқашан өзі сияқты жұлдызбен кездесіп көрген емес", - деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, Дэниэл Джейкобс GGG үшін мықты қарсылас болады. "Джейкобс мықты, орта салмақтағы бітімді боксшы, қауіпті күшке ие. Оның алғашқы нокауты Питер Куиллинмен өткен жекпе-жекте болды. Головкин жекпе-жекте жеңуге мүмкіндігі жоғары боксшы саналады, бірақ енді алдыңғы жекпе-жектердегідей болмайды", - деп жазады басылым.

Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

ШҚО-да ұшақ өртенді