Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Головкин шаршы алаңда Брукпен көше төбелесін ұйымдастыруға дайын

06 Қыркүйек 2016, 14:42
0
© Reuters
© Reuters

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) көше төбелесін ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды Аllboxing.ru.

"Мен 12 кезеңге дайынмын және шаршы алаңда көше төбелесін ұйымдастыруға да дайынмын. Маған тартысты жекпе-жектер ұнайды, көше төбелестері де ұнайды, - деді қазақстандық боксшы.

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай