10 қазан 2016 15:19

Головкин соққы өткізіп алса, дереу қайтарады. Ол көпшіліктің осындай боксты ұнататынын біледі - Хурцидзе

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 365info.kz © 365info.kz

WBO рейтінгінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе қазақстандық Геннадий Головкинның жұдырықтасу мәнерін керемет екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz 


WBO рейтінгінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе қазақстандық Геннадий Головкинның жұдырықтасу мәнерін керемет екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz 

Ол Головкинның Флойд Мейвезер айтқандай қарапайым мәнердегі боксшы еместігін айтады."Головкинның бокс мектебі жақсы. Ол соққы өткізгенмен, оларды бірден қайтарады. Көрермен осындай боксты сүйетінін біледі. Әсіресе Америкада. Ол көпшіліктің көңілінен шығаып жүр, бұл керемет. Алайда, біреу-міреу Головкин тік жүре беретін қарабайыр боксшы десе, бұл үлкен қателік. Мейвезер туралы ештеңе айтапай-ақ қояйын, ол бәріне жақсы таныс. Ол жай ғана боксты тамашалап қоймайды, ол осылай сөйлегенді ұнатады", - деді ол. 

Сонымен бірге, спортшы Мейвезердің жақында айтқан сөзіне (Головкинның Баду Джекпен кездесуі керектігі туралы) де өз ойын жеткізді.

"Баду Джек жақсы боксшы, бірақ есте қаларлық емес. Орташа деңгейлі жақсы боксшы. Бұл қызықты кездесу болар еді, бірақ менің ойымша, Головкинге салмағын ауыстырудың қажеті жоқ",- деп өз пікірін айта кетті Хурцидзе.

Еске салайық, мұның алдында Флойд Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинді нокаутқа жібереді деген болатын және шведтік боксшы Баду Джекпен қолғап түйістіруді ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети