Мейвезер Головкинге Альварестің орнына Баду Джекпен жұдырықтасуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейвезер Головкинге Альварестің орнына Баду Джекпен жұдырықтасуды ұсынды Флойд Мейвезер мен Баду Джек. © premierboxingchampions.com

Бес салмақ дәрежесіне әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) алда болуы мүмкін деген жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бес салмақ дәрежесіне әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) алда болуы мүмкін деген жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Айтуынша, егер ол Альварестің промоутері болса, Головкинмен дәл қазір жұдырықтасуға рұқсат бермейді. Осыған дейін боксшылардың арасында 2017 жылдың күзіне жекпе-жек өткізуге ауызша келісімнің бар екендігі хабарланған еді. Мейвезер мексикалықтың промоутері Де Ла Хойяның бұл жекпе-жекті келесі жылға шегеруін дұрыс шешім деп атады.

"Егер Альварес менің боксшым болса, дәл қазір Головкинмен жұдырықтасуға рұқсат бермес едім. Мен промоутермін, сондықтан істің бизнеске қатысты тұсын біліп отырмын. Жекпе-жек ұйымдастыру керек. Бірақ Головкин екінші орта салмаққа өтіп, Баду Джекпен жұдырықтасуына қарсы емеспіз. Бұл жай ғана жекпе-жек емес, тамаша жекпе-жек болар еді. Джек - еңбекқор боксшы. Жанкүйерлердің осы жекпе-жекті таңдағанын қалар едім. Дауыс беріңіздер, содан кейін мен Де Ла Хойямен осы жекпе-жекті өткізу мүмкінігін талқылап көрейін", - деп келтіреді Мейвезердің сөзін BoxingScene.com.

Ал осыған дейін америкалық Головкин - Альварес жекпе-жегінен қызықтайтын ештеңе көріп отырмағанын және мексикалық қазақстандықты еш қиналмай-ақ нокаутқа түсіреді деп пікір айтқан болатын. 

Ал WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Баду Джек (20-1-2, 12) бұған дейін де Головкинмен кездескісі келетінін айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.18   563.78   6.54 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +23
Ақтау +19
Ақтөбе +15
Атырау +20
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +28
П
Павлодар +20
Петропавл +27
С
Семей +25
Т
Талдықорған +24
Тараз +26
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер