14 қыркүйек 2016 10:35

Головкин Сондерстің шақыртуына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mirrir.co.uk © mirrir.co.uk

Орта салмақтағы бірнеше титулдың иегері, қазақстандық Геннадий Головкин осы салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің шақыртуына жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы бірнеше титулдың иегері, қазақстандық Геннадий Головкин осы салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің шақыртуына жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. 

"Геннадий Головкин, сен дайын болғанда, мен де дайын боламын. Бірақ ешқандай да орта салмақ туралы әңгіме болмайды. Естіп тұрсың ба?", - деп жазды Сондерс парақшасында. Сонымен қатар, бұл жазбаны қалдырғанда ұлыбританиялық боксшы boreRat тіркесін қолданыпты. Осылайша Сондерс "Борат" фильмін есіне алып, Головкинның намысына тимек болған.

"Мен Сондерспен жұдырықтасқым келеді және мен барлық қарсыласыма ашықпын. Менің ойымша ол дайын. Бұл бизнес. Сондерс көп сөйлейді. Бұл әрине телекөрсетілім және жанкүйерлер үшін өте жақсы. Неге жоқ деймін? - деді Головкин Sky Sports баслымына берген сұхбатында.

"Геннадийдің келесі жекпе-жегі қараша немесе желтоқсан айларында өтеді. Оның келесі қарсыласы бәсекелесуге қабілетті, Брук секілді болуы тиіс. Сондерс? Мүмкін. Фанаттар сондай тартысты жекпе-жекті тамашалауға лайықты. Юбенк? Мұндай кездесу де мүмкін, алайда бұл промоутерлерге байланысты, Кристің өзі және әкесі келісе алады ма. Лондонға қайтып келсек тамаша болар еді, мұндай шулы қолдаумен Сондерспен немесе ДиГейлмен кездесу ұйымдастыруға болады", - деді Санчес iFL TV арнасына берген сұхбатында.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, егер олар Джейкобспен келісе алмаса, олар Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға кіріспек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети