28 қазан 2016 21:13

Головкин супермен емес, ал Альварестің шамасын жете бағалап жатқан жоқ - Шефер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Golden Boy промоутерлік компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Ричард Шефер Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головин арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.


Golden Boy промоутерлік компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Ричард Шефер Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головин арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше, "Канело" бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді. "Канелоны" жете бағалап жатқан жоқ, ал Головкинді асыра мақтап кетті. Головкин соққы өткізіп алуы мүмкін.  Ол "трипл Джи", супермен емес", - деді Шефер

Сонымен қатар, ол Альварес командасының қазақстандыққа жекпе-жек үшін белгіленген гонорар ұсынғаны дұрыс емес деп есептейді.

"Канелоның соңғы PPV жекпе-жегі сондай бір жетістікке жетпеді. Ал Головкиннің аты бүгінгі спорт әлемінде ең танымалдардың бірі. Бұл кездесу миллионнан астам PPV жинауы керек", - дейді промоутер.

Шефердің пікірінше, гонорарды бөлу қажеттілігіне қарамастан Альварестің үлесі қазақстандық боксшыдан гөрі артық болуы керек. Сонымен бірге, ол бұл екі боксшының арасындағы жекпе-жекті 2017 жылға дейін созбас едім дейді.

"Мен бұл жекпе-жекті қазір өткізер едім. Күтудің не қажеті бар? Не үшін? Айтыңдаршы? Мен Оскар Де Ла Хойя не күтіп жүргенін түсінбедім?", - деп аяқтады Шефер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети